Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық орлимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық атлеттер ашылу салтанатындағы спортшылар шеруіне қатысып, еліміздің көк туын боксшы Әбілхан Аманқұл көтеріп шықты. Бұл - Әбілхан қатысып отырған алғашқы Азия ойындары.

Бүгінгі салтанатты ашылу рәсіміне таеквондошылар, баскетболдан қыздар командасы, суда жүзушілер мен боксшылар қатысты. Құрама команданың басым бөлігі ертеңгі жарыс күніне дайындалғандықтан, салтанатты шеруден тыс қалды.

Қазақстаннан Азия ойындарына жалпы есебі 440 спортшы аттанды. Оның ішінде, 404 спортшы 25 олимпиадалық спорт түрінен бақ сынайды. Азия ойындары ел спортшылары үшін биылғы жылдың ең басты додасы болмақ.

зия ойындары 18 тамыз - 2 қыркүйек аралығында, Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өтеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: