Бұл туралы Ақсу қаласы ішкі саясат бөлімі мәлім етті.

-          Жобаның авторы – «Ана тілі» орталығының жетекшісі Шолпан Кинжикова, - деді ішкі саясат бөлімінде. – Тілдік келісім жобасы «Рухани жаңғыру» аясында жарық көріп отыр. Саябақта өткен іс-шарада ұлттық салт-дәстүрлер көрсетілді. Атап өтер болсақ, қыз ұзату, келін түсіру,  тұсау кесу, жіп иіру, киіз басу т.б. Қорыта айтқанда ауылдың көрінісі көрсетілді.

Жаз бойы қаладағы әр көшенің алаңдарында балалармен «Сөз құрастыр», «Кім алғыр?», «Сөз дөңгелегі» ойындары  мен «Отбасы», «Ауа райы», «Демалыс»  тақырыбында сабақтар өткізілді. Ұлттық тағам бауырсақтың неше түрі бар, қалай дайындалатыны жайында айтылды.  Бұл іс-шараға  Р. Лебедева мен Г. Елғонденова жауапты болды. Соңында жиналған қауым ыстық бауырсақ пен шайдан дәм татып отырды.

Бұл жоба екі  бағыттан тұрды. Қазақ тілін, дәстүрін кабинетте емес, аулада бүкіл тұрғын үйлердің, халқын ортаға  яғни, отбасымен көрші қолаңмен бірге ойнап, отырып, әңгімелесіп отырып үйрену. Жобаның негізгі мақсаты - тіл арқылы мәдениет пен тәрбиелік салт-дәстүрлерді ортаға салып үйрету. Жоба барысында тек қана тілді үйретумен шектелмейді. Сонымен қатар, салт-дәстүр рәсімін көрсету. Сондай-ақ, үйлер арасында тілдік жарыс т.б. шаралар өткізілді. Жоба отбасы институын үлкен болуын, аға буын, орта буын, кіші буын арасындағы байланысты қалыптастырады яғни, сүйіспеншілікке, мейірімділікке, тілге деген құрмет, бос уақытты отбасымен бірге өткізуге бағытталған.

«Тілдік келісім» жобасының жабылу сәтіне  қатысқан Ақсу қаласының әкімі Николай Дычко  осы жобаны жүзеге асыруға  өз үлестерін қосқан әжелерге, аула клубының жетекшілері мен балаларына, ұйымдастырушыларға өзінің ризашылығын білдірді.

Бұдан соң сөз алған  жоба авторы - «Ана тілі» орталығының жетекшісі Шолпан Кинжикова «Тілдік келісім» жобасын өз мәресінде өткізуге атсалысқан ақсулықтарды марапаттады. Облыстық «Ана тілі» орталығы директорының «Алғыс хаты»  «Сауықсервис» кәсіпорнының директоры Қанатбек   Баймановқа,  «Ақ желкен» аула клубының жетекшісі Елена Хвостиковаға,  «Искра» аула клубының педагог – ұйымдастырушысы  Жанна Жолдасоваға, «Жұлдыз» аула клубының  педагог – ұйымдастырушысы Жадыра Иманбековаға табыстады. Бұл күні қол өнер шебері Жиенхан Қаманай, «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері Шәмшия Құсайынова, Гүлжанат Сейтенова  тағы басқалар естелік сыйлықтарға ие болды. Жиналған қауым ыстық бауырсақ пен шайдан ауыз тиіп жатты.

Сахана төріне көтерілген Ақсу қаласының құрметті азаматы Светлана Қондыкерова  жоба авторы - «Ана тілі» орталығының жетекшісі Шолпан Кинжикова ақсулықтар атынан рахмет айтып иығына орамал жапты.

Мерекеде  Бауырбек Рамазанов  «Жаным қазақ», «Мен мақтаншақпын» әндерін шырқап, жастар «Қара жорға» биін билеп  тойдың ажарын аша түсті.

Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін! Ана тілін білу, оның қасиетін түсіну-біздің парызымыз. Өз еліңе, ұлтыңа деген махаббатың құрмет пен ізеттің бастауы ол өз тіліңді құрметтеуден басталады. Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!

pavlodarnews.kz

Тэги: