Қызмет ету барысында көз жұмған батырларға арналған ескерткіш Жеңіс саябағында бой көтерді. Шекарашылардың ерліктері жайлы бәріне сыр шертіп тұратын екі тонналық тас Алматының Қордайынан әкелінген.

Ескерткіштің ашылуына дүние салған шекарашылардың туысқандары мен достары, ардагерлер және жастар ұйымдарының жетекшілерінен құралған 300-ден астам қатысты.

Шекара қызметінің запастағы подполковнигі Юрий Чидудин ескерткішті орнатуды кеңес үкіметі кезінде Қиыр Шығыста борышын өтегендер ұсынғандығын айтты. Көктемде бастамашы топ құрылып, қаражат жинастырыла бастаған.

- Біз ескі дәстүр бойынша 28-мамыр күні КСРО шекарашылар күнін атап өткенімізде саябақта шекаралық баған тұрғызылып, сол орынға осы ескерткіш қойылатынын белгіледік. Барлығы бұл ұсынысты қуана қабыл алды. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Ендігіде Павлодарда біз кездесетін орын бар екеніне, көз жұмған жолдастарымызды еске алғанда гүл әкелетін орын бар екеніне ерекше қуаныштымын.

Оның айтуынша, қордайлық тас кездейсоқ таңдалмаған. Ол тас ұзақ жасайды және жаңбыр, қар, күннің көзіне төзімді. Ескерткішті Алматыдан әкелу, өңдеу, орнату үшін шекарашылар миллион теңге жұсмаған.

- Павлодарда бұрын-соңды шекарашыларға ескерткіш болмаған, - деді тыл еңбеккері, еңбек ардагері Құдайберген Пішембаев. – Алайда, нақ шекарашыларда үлкен міндет жатыр. Нақ осылар алыс өңірлерде мемлекеттік шекарамызды күзетумен қатар, біздің тыныштығымызды күзетуде. Айналаға қарасаңыздар қаншама адам жиналған, қаншама жастар жиналып отыр?! Олар ертең күні әскер қатарына барып, біздің ерлеріміздің жолын жалғастыратын болашақ сарбаздар. Шекарашылар – қарулы күштердің ерекше түрі саналатын. Оған тек денелі және моральді түрде дайын жігіттер ғана таңдалатын. Сондықтан мен жастарға алдыңғы буын ағаларының ерлікті жолын жалғатыруды тілеймін!

Айта кетейік, шекарашылар күніне орай Павлодарда автомотошеру ұйымдастырылды. Оған 30-дан астам автомобиль мен мотоцикл қатысты.

pavlodarnews.kz

Тэги: