Премьер-Лиганың 23-туры аясында «Ертіс» талдықорғандықтарға 2:0 есебімен тізе бүкті.

«Жетісудың» ойында басымдылыққа ие болуына 15-минутта «Ертістің» белді қорғаушысы Аслан Рафкаттың қызыл қағаз алуы себеп болды.

Көрсетілген қызыл қағаздан кейін айып добын орындаған Мантас Куклис қақпаны дәл көздеп есеп ашты.

35-минутта Олег Хромцовтың тепкен добын павлодарлық Никита Калмыков ұстаса да тоқтата алмады.

«Ертіс» ФК бас бапкері Димитар Димитров бұл команданың ең нашар ойыны болғанын айтты.

- Ойын біз қызыл қағаз алып, гол жіберген 10 минутта аяқталған болатын, - деді Димитар Дмитров. – Бұл «Жетісудың» лайықты жеңісі. Ал, біздің ең нашар ойын болды. Әрине, өте өкінішті, бірақ амалымыз жоқ. Мен келдім, көмектескім келді, бірдеңе істеуге тырыстым. Осындай ойын үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Тағы да әрекет етіп көреміз. Алайда, ол өте қиын болады. Мен команданың қандай жағдайда екенін көріп тұрмын. Олардың психологиялық шұңқырға түскендігі соншалық, балалардың қателігін жасайды. Жағдай осы. Бұны дұрыстау қажет.

Айта кетейік, еліміздің бес дүркін чемпионы «Ертіс» ФК биылғы маусымда 23 ойынның бесеуінде ғана жеңіске жеткен. Қазіргі кезде 19 ұпаймен турнир кестесінің соңында тұр.

Оразбек Саяхат
Фото: vk.com/zhetysufc

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, "Ертіс" ФК, спорт