Орталық саябақтағы үлкен сахынада сенбі күні павлодарлықтар үшін  өнерлерін «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігі көрсетсе, жексенбі күні «Ватан» облыстық әзірбайжан этномәдени орталығы қала тұрғындарына тамаша көңіл-күй сыйлады. Бұл күні сахына төрінде неміс, әзірбайжан және қазақ тілдерінде әндер шырқалды, ортақытардың хорегорафиялық және вокалдық ұжымдары өз өнерлерін ортаға салды.

Мереке ұйымдастырушылары көрермендерді салт-дәстүрлері мен  әдет-ғұрыптарымен таныстырып қана қоймай, ұлттық тағамдардан да дәм татырып, қолөнер шеберлерінің көрмесін ұйымдастырды. Ал балалар сайстар мен қызықты ойындарға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Жетпісбаев «Бір отбасында тұрамыз» жазғы фестивалі Павлодарда жылсайын өткізілетінін айтты.

- Павлодар облысының этномәдени бірлестіктері жыл бой жинаған тәжірибесін жазда, фестиваль барысында халықтың назарына ұсынуы игі дәстүрге айналды. Орталық қатысушылары тек би белеп және ән айтып қана қоймай, халықты салтымен, дәстүрімен, қолөнерімен, ұлттық тағамдарымен таныстырады. Биыл фестиваль жабылуының салтанатты концерті Ertis Promenade сахынасында өтеді. Іс-шара бағдарламасына этномәдени бірлестіктердің үздік шығармашылық ұжымдарының қатысуы жоспарланған, - деді Сейсембай Жетпісбаев.

Сонымен қатар, хатшылық меңгерушісі тамыздың 22 мен 24-аралығында Баянауылда өтетін «Бiрлiк.Единство.kz» халықаралық жастар этнофорумы жайлы айтып өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлері мен шекаралас Томск, Новосібір, Тюмень облыстары мен Алтай өлкесінен барлығы 120-ға жуық қатысушы келеді. Сондай-ақ, жиынға «Жаңғыру жолы» республикалық  жастар қозғалысының мүшелері, Парламент мәжілісінің депутаттары мен ҚХА мүшелері қатысады.

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы