Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

«Видеоархив 30 күн бойы сақталады. Өкінішке қарай, одан артық сақтай алмаймыз, өйткені видеолардың көлемі тым үлкен. Тұнықтығы өте ауыр болғандықтан, оларды сақтауға көп шығын жұмсалады», - дейді Жаннат Дүбірова.

Басшының айтуынша, орталықта 160 адам жұмыс істейді. «160 адамның 60-ы операторлар, олар ауысыммен жұмыс істейді. Түнде 8, күндіз 22 адам жұмыс істейді. Видеобақылау бөлімінде 60 адам бар, олар 20 адамнан үш ауысымға бөлінген», - дейді Ж. Дүбірова.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда орталыққа Алматы ауданының тұрғындары өзгелерден көбірек жүгінеді. Оның артынан Сарыарқа, Есіл аудандары келеді, ал кенже аудан Байқоңыр тұрғындары басқалардан аздау жүгінетін көрінеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам