Instagram қолданушылары @kolesa_pavlodara парақшасында көлік оқиғасының видеосын жариялаған. Видеода Аudi көлігі Нивамен соқтығысып қалғаны түсірілген. Облыстық денсаулықсақтау басқармасының баспасөз қызметінде оқиғаның болғанын растады.

-  Болған жол-көлік оқиғасының салдарынан үш адам зардап шекті. Олардың арасында 1961 жылы туған әйел өмірмен сәйкес келмейтін жарақаттар алып, оқиға орнында жан тапсырды. 70 жастағы әйел кеуде мен бел омыртқалары жарақатын алған. Ол қалалық №1 аураханаға жеткізілді. Ал, 35 жастағы ер адам бас сүйек-ми зақымын алған. Бірақ ауруханаға жатудан бас тартты, - деді баспасөз хатшысы Эльмира темірғалиева.

 

Назым Қарабаева

Видео @kolesa_pavlodara

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға, Павлодар, Павлодар облысы