Бұл туралы ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық ІІД қызметкерлері Ақмола облысының 28 жастағы тұрғынын қылмыс үстінде қолға түсірген. Ол 9 қыркүйекте түнде 5 автокөлікті тонаған. Криминалдық полиция қызметкерлерінің ақпараты бойынша, күдікті бір сценарий бойынша әрекет еткен.

«Ол көліктердің есік құлпын ашып салонға енген. Ол көліктен автомагнитола, көлік иесінің жеке заттары мен басқа да мүліктерді жымқырған. Барлық ұрлық түнгі сағат 2 мен таңғы сағат 5 аралығында жасалған. Тонаушы ұрлық жасаумен бірге өз ұрлығын бейнетаспаға жазған. Полиция қызметкерлері тәркілеген бейнетаспаға қарағанда көлік тонау өзіне ләззат сыйлайтын сияқты. Көлік тонаудан бөлек, ол көлік ішіндегі заттарды сындырған», делінген хабарламада.

10 қыркүйекте күдікті қолға түсті. Оның қылмысы бейнетаспаға түсіп қалған. Күдіктінің бұдан бұрын да осындай қылмысқа байланысты жауапқа тартылғаны анықталды. Тергеу барысында ол сол түні 5 көлікті тонағанын толық мойындаған. Тоналған заттар көлік иелеріне қайтарылды.

Қазіргі уақытта ұсталған жігіт уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Полиция оның бұрын жасалған ұрлықтарға қатысы бары-жоқтығын тексеруде.

pavlodarnews.kz

Тэги: