Облыстық жұмыспен қамтуды ұйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Қамалованың айтуынша, бұл мақсатта бюджеттен 1000 млн теңгеден астам бөлінген.

- Аймақта бірінші және екінші топтағы 27 699 жарымжан жан мен 2409 мүмкіндігі шектеулі бала тұрады, - дейді Гүлнар Қамалова. 

Ведомствоның хабарлауынша, құжаттарды жаңартудың қажеті болмайды. Азаматтардың тізімін мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ұсынады. Облыс орталығында сегіз мыңнан астам адам мүгедек бар. Оның ішінде 1360-ы – балалар.

Еске сала кетейік, Қазақстанда Мүмкіндігі шектеулі жандар күні дәстүрлі түрде қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтеді.

Томирис Бекжан



pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, мүмкінлігі шектеулі жандар күні