Осы мақсаттағы жиын барысында Павлодар әкімі Әнуар Күмпекеев қаламызда 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін әрбір бейсенбі мен сенбі күндері облыс орталығының аумағын тазалау іс-шаралары өткізілетінін мәлімдеді.

Әдеттегідей, бұл іске қаламыздағы кәсіпорындар, кәсіпкерлік нысандары, ПИК-тер мен қарапайым тұрғындар тартылады.


Жиын кезінде қаламыздың жергілікті полицей қызметінің бастығы Арман Қаптаев абаттандыру ережелерін бұзу жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертті.

- Жыл басынан жергілікті полицей қызметінің өкілдері 1635 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады. Материалдар абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін рәсімделді. Нәтижесінде 1,5 миллион теңге сомасындағы 55 айыппұл салынды. Ережелерді бірнеше рет бұзған тұлғалар ішінде «Павлодар жылу желілері», «Алем-ПВЛ», «Спецмашин», «HAGI-Павлодар» ЖШС-терін атап көрсетуге болады, - деп атады Арман Қаптаев.

Сонымен бірге, дәл осындай тазалық іс-шаралары Екібастұзда да өткізілмек. Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша сенбілікке 23 мыңнан астам адам, 725 ұйым мен кәсіпорын, 90-ға жуық автокөлік құралы жұмылдырылады.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Әнуар Күмпекеев, сенбілік, абаттандыру айлығы