- Көлікті  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының 49 жастағы тұрғыны басқарған. Сондай-ақ салонда 19 жастағы Көкшетеу қаласының тұрғыны болған. Жүргізушінің жүк тасымалдауға арналған тиісті құжаттары   жоқ екені анықталды.  Жүргізушінің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы ауылдардың бірінде  бейтаныс адамдар Павлодар қаласына жеткізіп  тастауды  өтініп, заң  аясында әрекет етіп жатқандарын  түсіндірген. Жүргізуші  олардың бұл сөзіне  сеніп қалған. Себебі, артемия салина шаяндары СҚО Уәлиханов ауданының Теке көлінде өндіріледі, - деді облыстық ІІД баспасөз  қызметінде.  

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, қылмыстық іс аумағы бойынша СҚО ІІД-не жіберілген.

Айта кетерлігі, артемия салина (лат. Artemia salina) – құнды шаяндар түріне жатады. Оның жарты құрамы ақуыздан тұрады. Шаянның ұзындығы екі сантиметрден аспайды.  
 


pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, қоғам, артемия салина