Бұл сынға әлемнің 34 елінің ұстаздары өз жұмыстарын ұсынып, бәйгеге түсті. Сайыс лауреаттары А.С.Пушкин атындағы орыс тілінің мемлекеттік институтында тәлімгерліктен өтіп, мәскеулік мектепті аралады және ашық сабақтарға қатысты.

- Сайыстың қорытындысы бойынша  Манат Әубәкірова әлемнің үздік 50 орыс тілі мұғалімдері қатарында Мәскеуге марапатталу үшін шақырылды.  Марапаттау рәсімі Мәскеу Үкіметі ғимаратының Ақ залында 8 қыркүйек өткізілді.  Лауреаттар «Россиская газета» редакциясына экскурсияға барып, сайыстың ұйымдастырушыларымен,  қазылар алқасымен кездесті. Сонымен қатар Қала күніне арналған мерекелік іс-шараларға, Ресейдің ұлттық шоуы «Кострома», А. С. Пушкин атындағы мемлекеттік мұражайға барды, - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова.



Манат Әубәкірова. № 35 ЖОМ 12 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол VI Республикалық Капен оқуларының (2018 жыл), Халықаралық ғылыми-педагогикалық қашықтық конференцияның (2017 жыл, Англия) дипломанты.  Халықаралық сайыстардың, орыс тілі бойынша 2015, 2016 жылдардағы Мәскеу қаласындағы «Светозар» олимпиадасының, М.А.Шолоховтың туындылары бойынша мектеп шығармалары байқауының (2017 жыл), Санкт-Петербург қаласындағы «На благо Родины» балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби сайыстың жүлдегерлерін дайындады.

2017 жылы  оқушылары Бекдана Бектемірова (9 сынып) және Әсия Тілектесова (10 сынып) Болгарияда өткен шығармашылық жұмыстардың халықаралық  сайысында жеңімпаз атанды.




pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, білім, қоғам