Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

-  Бүгін таңертең Теплов – Екінші Советов көшелерінің қиылысында Toyota Land Сruiser  және Toyota Gaia көліктері соқтығысты. Нәтижесінде жолаушылардың біріне медициналық көмек көрсетілді. Аталмыш факті бойынша сараптама тағайындалды, - деді департаментте.

Айта кетерлігі, бұл қиылыста осымен үшінші жол көлік оқиғасы орын алды.

Фото: kolesa_pavlodara






pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, жол апаты