Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Боксшылардың бірінші жекпе-жегі былтыр Лас-Вегаста өтіп, тең нәтижемен аяқталған. Ал, екінші жекпе-жек сол жерде 15 қыркүйекте болады.

«Мен боксшымын, дәл қазір бар күшімді салып, екінші айқасқа дайындалып жатырмын. Мен промоутер емеспін. Бірақ, екеуміздің де денсаулығымыз жақсы болып, барлығы ойдағыдай аяқталса, неге ұйымдастырмасқа? Бәрі де мүмкін», - деді Геннадий баспасөз мәслихатында.

Қазақстанда Головкин - Альварес II бокс шоуы 16 қыркүйек күні таңғы сағат 6-да басталады. Оны «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: