Бейнероликте клубтың бразилиялық жартылай қорғаушысы павлодарлық футбол сүйер қауымды алдағы кездесуге мемлекеттік тілде шақырды. «Қош келдіңіздер! Ертіс алға!» дейді ол. Осы арқылы латинамерикалық футболшы «Ертіс» - «Шахтер» кездесуіне қарай бейнероликті түсіру кезінде берген уәдесін орындады.

- Родриго Антонио жақында қазақ тілінде бейне шақырту жасаймын деп уәде берген еді. Нағыз жігіт өз сөзінде тұрды, - делінген футбол клубының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан премьер-лигасының 26-туры аясындағы петропавлдық «Қызылжармен» болатын кездесу 16 қыркүйекте, жексенбі күні өтеді. Орталық стадиондағы матчтың басталуы сағат 18.00-де.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: Ертіс ФК, футбол, спорт, Родриго Антонио