Республиканың тек солтүстігінде фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Жекелеген аумақтарда жел күшейеді. Оңтүстікте оған шаңды дауыл араласады. Шығыста және оңтүстік-шығыста тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облыста күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-25 м/с артады. Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында оған шаңды дауыл араласады. Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді. Ал Қарағанды облысында 1-6 градус үсік болжанады.
 

pavlodarnews.kz

Тэги: