Өңірлік статистика департаменті таратақан ақпаратқа сүйенсек, нақты жалақы индексі -100,9%. Жалдамалы қызметкерлер саны - 200,1 мың адам.
 
2018 жылғы 1 тамызына  өңірдегі халық саны 754,3 мың адамды құрады. Қала халқы – 532,9 мың адам  (70,6%), ал ауыл халқы – 221,4 мың адам (29,4%).

2018 жылғы I тоқсандағы (алдын ала деректер бойынша) халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 85067 теңгені құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 12,1%-ға артық көрсеткіш. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табыстары 4,7%-ға артты.

2018 жылғы II тоқсанда жұмыс күшінің саны 414,6 мың адамды немесе 15 жас және одан жоғары жастағы халық санының 70,9%-ын құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,7%-дан келеді. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2018 жылғы тамыздың соңына 6,5 мың адам.  


 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, экономика