Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің директоры Евгений  Губарев   айтты.

- Осының нәтижесінде салық органдарында тіркелу тәртібі жеңілдей түседі, - дейді Евгений  Губарев. -    Өзін-өзі жұмыспен қамтитын   адамдар мемлекетке өздерінің қызметі туралы хабарлап отырады. Осылайша, зейнетақымен қамтамасыз етуге, әлеуметтік  және медициналық сақтандыру жүйесіне қатыса алады. Қазақстанда 18 миллион халықтың 14 миллионы  ресми түрде тіркелместен жұмыс істейді. Олар салық төлемейді, әлеуметтік қорларға аударым жасамайды. Бұл мәселені бірыңғай  жиынтық төлемді енгізу арқылы шешу көзделіп отыр. Оның ішіне  жеке табыс салығы, зейнетақы аударымдары, арнайы медициналық сақтандыру қорларына және әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына төленетін салымдар енгізіледі.

Департамент басшысының айтуынша, 2019 жылдың 1 қаңтарында өз күшіне енетін бірыңғай  жиынтық төлем көлемі қалаларда  1 АЕК, ал ауылдағы көлемі 0,5 ЕАК көлемінде болмақ.

 Яғни,  жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбастан жеке тұлғаларға қызмет көрсететін, жеке шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сататындар айына бір рет - қалада 1 АЕК, ауылда 0,5 АЕК көлемінде ақшалай аударымдар жасайды.


Ақбота Сейсенбаева
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, зейнетақы қоры