Бұл туралы мектеп директоры Медғат Манапов мәлім етті.

- Жаңа оқу жылында мектепке қабылданған оқушылардың саны – 700, - деді Медғат Манапов. – Бұл өскелең жас ұрпақтың түрлі музыкалық аспаптарға деген қызығушылықтарының артуын байқатады. 2018-2019 оқу жылында мектебімізде дарынды балаларға арналған фортепиано, домбыра, қобыз, баян, аккордеон, флейта, турба, кларнет, ұрмалы музыкалық аспаптар, вокал, дәстүрлі ән мамандықтары бойынша арнайы мамандандырылған сыныптар ашылды. Шебер орындаушылықты терең дамыту үшін бірден парақтан нота оқу және ансамбльде ойнау қосымша пәндері енгізілді. Мұның барлығы оқушының өзін-өзі дамытуына, кәсіби тұрғыдан жоғары жетістікке жетуіне септігін тигізеді.

Биыл Естайдың есімі берілген, бұрынғы М.Глинка атындағы балалар музыка мектебінің оқушылары 2017-2018 оқу жылында түрлі деңгейдегі конкурстардан 230 наградаға қол жеткізген. Оның 27-сі - бас жүлде. Мұның барлығы мектеп педагогтерінің жоғары кәсіби, педагогикалық деңгейін және оқушылардың дарынын айғақтайды.

Айта кетейік, Екібастұздағы балалар музыка мектебінің 67 жылдық тарихы бар. Осы жылдар ішінде 2000 түлек кәсіби, кейбірі музыкалық білім алып шықты. Мектептің түлектері, яғни 25 педагог арнайы орта және жоғары оқу орындарын тәмамдап, алтын ұя – музыка мектебіне маман болып оралған. Көптеген түлектері республикамыздың басқа аймақтарында елеулі еңбек етуде.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Екібастұз, Естай атындағы музыка мектебі, қоғам