Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Хелуа Кашкенова  айтты.

- Бұл жоба республика бойынша еңбек шарттарының тізімін жүргізуге және жұмысқа орналастыру процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді, - дейді  Хелуа Кашкенова. –  Қызметкерлерге арналған электронды  еңбек шарттарын есепке алу жүйесін  енгізу  - жұмысқа орналастырудың қарапайым жолы. Нәтижесінде құжаттарды жинаудың қажеті болмайды. Жұмыс іздеушілердің жеке істері автоматты түрде қалыптастырылатын болады.

Есеп жүйесі келесі жылдан бастап іске қосылады.  Бұдан әрі электронды еңбек келісімшарттары еңбек өтілін растау үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға қажет болады.

Ведомствоның хабарлауынша, келісімшарттар мен еңбек кітапшаларын цифрлаумен кәсіпорындар мен ұйымдардың кадрлар бөлімдері айналысатын болады.


 

pavlodarnews.kz

Тэги: