Биылғы оқу жылының басынан балаларды оқу орынына дейін тасымалдауға жаңа көлік алу үшін 40 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Үш автобус Ленин, Жетекші, Теміржолшылар кентінің балаларын тасымалдайды.

№43 мектептің қарамағындағы ПАЗ автобусы Теміржолшылар кентінен 24 баланы жеткізеді. Жаңа автобустағы барлық орындықтар балаларға арналған қауіпсіздік белдіктерімен және сөмке қоюға арналған сөремен жабдықталған.

Қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Амангелді Иманберлинов жаңа автобустар ауылдардан 8 мектепке оқушыларды жеткізетінін айтады.

- Бұрынғы автобустар қысқы мезгілде бұзылып қала беретін, - деді Амангелді Иманберлинов. – Жаңадан алынғандар мектепке арналған ПАЗ маркалы автобустар. Қысқа дайындалған. Екі қабатты әйнегі, қаланың сыртына шығатын болғандықтан қосымша жылытқыштары бар.

Үш автобус екі ауысымда оқитын 67 баланы оқу орындарына дейін тасымалдайды.

Оразбек Саяхат
Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, мектеп, білім, тасымалдау, қоғам