Еске сала кетейік, 11 қыркүйек күні павлодарлық санавиация жеті жедел жәрдем бойынша жұмыс істеген. Облыс орталығына медицина қызметкерлері ұшақ және тікұшақпен ауыр науқастарды әкелген. Оның ішінде балалар да бар.

Денесінің жоғарғы бөлігінің 25 пайызын күйік шалған бір жасар сәбидің жағдайы  туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева айтып берді.

-  Отбасы толығымен үйде болған.  Сол кезде бала қайнап тұрған ыстық шәйнекті үстіне аударып алған. Қазіргі таңда  оның жағдайы жақсарып келеді. Облыстық  балалар ауруханасының дәрігерлері сәбиді осы сәрсенбіде шығаруды жоспарлап отыр. Одан әрі қарай Екібастұз қаласының ақ желеңділері бақылауда ұстайтын болады, - дейді Эльмира Темірғалиева.

 Томирис Бекжан

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, қоғам, санавиация