Павлодар  қаласы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатының директоры Нұрсәуле Төлемісованың айтуынша, байқауға Ресей Брянск, Калининград, Смоленск, Уфа және Беларусь мемлекетінің Гомель өңірлерінен 10-18 жас аралығындағы 100-ден астам адам қатысқан. Павлодар облысынан барған 4-сынып оқушылары Әмина Ыбыраева мен Лиана Каракулина  Қазақстанның атынан ел намысын  абыроймен қорғап келді.

Концерт аясында шығармашылық ұжымдар  бірнеше жанр бойынша өнер  көрсетті: ымдық ән, кіші формалар, понтомима, күлдіргі ойын және хореография.

- Бұл фестиваль балаларға керемет көңіл күй сыйлап, жарқын болашаққа деген сенімдерін арттыра түсті, - дейді  Нұрсәуле Төлемісова. - Біздің балалардың жүрегі махаббатқа, достыққа әр елден келген құрдастарына әрдайым ашық екендігін дәлелдейді. Шәкірттеріміздің халықаралық фестиваль лауреаты  атануы үлкен жетістік. Бұған қоса, олар фестивальдің ең кішкентай қатысушылары болды.

Айта кетерлігі, бұған дейін биылғы жылы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері республикалық «Жұлдызай» фестивалінде үшінші жүлделі орынға ие болған.

Бүгінгі таңда білім ордасында 3-18 жас аралығындағы 95 бала білім алады.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, қоғам, білім