Мұндай міндетті  аймақ басшысы Болат Бақауов бүгін облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында қойды.

- Қазіргі таңда егіс алқаптарында картоптың келісі 45-50 теңгеден, сәбіз 38 теңгеден сатылуда. - Күн суытқан сәттен-ақ көкөністің бағасы көтеріліп кететіні белгілі. Өз ісін білетін шаруа қоймасын толтыруға тырысады, ал  шамадан тыс артылып қалған өнім саудаға қойылады. Сондықтан   қанша картоп қоймаға сыймай қалатынын ескеріп, тауар өндірушілеріне өнімдерін сатуға көмектесу керекпіз.  Бұл  қызылша, қырыққабат және сәбізге де қатысты мәселе. Шаруалармен  меморандумға отырған кезде арзан бағамен сатуды  сұраймыз. Ал, енді олар тығырыққа тірелген кезде көмек көрсету қажет. Біз жыл сайын Жамыл облысымен жұмыс істеп, картопты күріш пен пиязға ауыстыратынбыз.

Сондай-ақ облыс әкімі өңірлік ауыл шаруашылығы  басқармасының басшысы Нұрболат Мақашевтан картоп сақтайтын қоймалардың жағдайы туралы сұрады.

- Өңірде  алты астық сақтау қоймасы бар, - дейді басқарма басшысы. - Бұл нысандар толық тексеруден өткен. Картоптың басым бөлігі Ресей мен Өзбекстан елдеріне экспортталады.  Сыртқы нарыққа жүргізілген сараптамаға сүйенсек, 2018 жылы Ресей Федерациясында 27 миллион тонна еккен. Былтырғы жылы бұл көрсеткіш 30 миллион тоннаны құраған. Өзбекстанда былтырғы жылы 2,8 миллион тонна картоп алынса, биыл үш миллион алу көзделіп отыр. Сондықтан біздің ауыл шаруашылығы өндірушілері осы екі елге саудалайды деп жоспарлап отырмыз.

Облыс әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Дәурен Махажановтың айтуынша, биылғы жылы облыста 500 тонна картоп жинау жоспарланып отыр.  Қоймаларға кірмейтін  іріктеліп алынған  артық өнім шамамен 120-150 мың тоннаны құрайды.

- Қазіргі таңда  Өзбекстан елімен келісімшартқа отырған және Ресейге тасымалдайтын  ірі компаниялар бар. Бұдан басқа, еліміздегі Астана, Шымкент және Алматы қалаларына  ірі көлемде картоп қажет етеді, - деп облыс әкімінің орынбасары мәселе бақылауға алынғанын жеткізді.

Ақбота Сейсенбаева


pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, қоғам, картоп