Жұмыс тобының мүшелері негізгі жөндеу жұмыстары аяқталғанымен, әртүрлі себептермен асфальт жамылғысы қалпына келтірілмеген жерлерге барып қайтты.

«Павлодар жылу желілері» ЖШС өндіріс бөлімінің бастығы Павел Плетуховтың айтуынша, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы маңындағы Ак. Марғұлан көшесіндегі учаске «САЭМ Павлодар» ЖШС мердігер ұйымының қаржылық қиындықтарына байланысты аяқталмаған.

- Мердігер қалай болғанда да биыл бұл жұмыстарды аяқтайды. Болмағанда бізге жолданған барлық айыппұлдар солардың мойнына тағылады. Тұрақсыздық айыбы тағы бар. Жылу маусымы келіп қалды, жағдайдың күрделілігін өзіміз түсінеміз. Дегенмен қалай болғанда да мердігерге шарттарын орындатуға тырысамыз, - деп уәде берді Павел Плетухов.

Павлов көшесі, 13 мекенжайындағы жағдай бұдан да ауыр. Мұнда «Павлодар-Водоканал» мен «Бонус-Строй» ЖШС коммерциялық мүдделері қарама-қайшы келген. Асфальтті қалпына келтіру Павлодар-Водоканал ЖШС жүктелген болатын. Фирманың бас инженері Игорь Ефремовтың сөзіне сенсек, екінші ұйыммен асфальтті өз күшімен ретке келтіреміз деген ауызша келісім болған. Алайда мамыр айынан бастап іс бір орнынан қозғалмаған.

- Мұнда су құбырының күрделі жөндеуін өткіздік. Енді абаттандырумен «Бонус-Строй» ЖШС айналысуы керек. Бір-бірімізге кедергі келтірмей жұмыс істейміз деп ауызша келістік. Өз жұмысымызды аяқтадық, олар болса өз жұмысын жалғастыруда, - дейді Игорь Ефремов.
Жер қазу жұмыстарына рұқсат ордері «Павлодар-Водоканал» ЖШС-не берілгенімен, фирма өкілі жұмыс мерзімін орындамағаны үшін жауапкершілікті мойнына алудан бас тартты. Бұл қалалық мәслихаттың депутаты Виктор Пряхиннің ызасын тудырды.

- Жағдайдың тығырыққа тірелгенін ұғып тұрған шығарсыз, - дейді Виктор Пряхин. - «Бонус-Строй» ЖШС жөндейтін түрлері жоқ. Факт бойынша жер қазу жөніндегі ордерді сіздер алғансыздар. Сондықтан бұл сіздердің жұмыстарыңыз. Бірақ көктемнен бері ештеңе істелмегенін көріп тұрмыз.

Депутат уәде бергендей, қалпына келтіру жұмыстарын уақтылы аяқтамаған фирмалар жауапкершілікке тартылады.

- Жұмыс тобының мүшелері арнайы ұйғарым шығарылып, ол мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына әрі қарай айыппұл бекіту үшін жолданады. Бұл нысандар біздің ерекше бақылауымызға алынады, - дейді Виктор Пряхин.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: