Еске сала кетейік, 13 қыркүйекте Бауыржан Момышұлы көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлаған 15 жастағы екі оқушы түрлі жарақтпен ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі жолда қайтыс болған. Екіншісі ауыр халде қалалық аурухананың жансақтау бөлімшесіне жеткізілген.

Аман қалған қызда ашық бас ми жарақаты,  бет және қаңқа сүйектері мен  омыртқасының  сынуы анықталған.

- Дәрігерлер екінші қыздың өмірі үшін бес күн арпалысты, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира темірғалиева. – Жасөспірімді құтқару үшін қарқынды терапия жүргізген. Өкінішке орай, қыз бала есін жыймастан дүйсенбі күні сағат кешке онда көз жұмды.


Томирис Бекжан

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, оқиға