- Бастауыш 1-4  сыныптардың балалары «Толағай» және «Алтын сақа» ертегілерін тамашалады. Ұстаздар  Салтанат Кәрімова,  Алма Күлжігітова,  Алмагүл Дарабаева  ауызша әңгімелер  арқылы қазақтың батырлары мен  еліміздің өткен тұрмыс-тіршілігі туралы  ақпарат берді.   Балалар көрген ертегінің өзіне ұнаған сюжеті бойынша сурет салып, әңгімеледі. Оқушылар үш топқа бөлініп, әр топ ұнаған ертегінің қысқа үзіндісін көрсетті. Оқушылар өте белсенді  қатысты. Мұндай сыныптан тыс өткізілетін жұмыс түрлері  оқушылардың білімін, сөйлеу қабілетін жетілдіріп, тілге деген қызығушылығын оятады, - дейді   қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі   Мәдина Әубәкірова.

Бұдан басқа, мектепте «Тілдің үш тұғырлығы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Тілім тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты айлық, «Тіл – әр халықтың байлығы» атты тақырыпта кітап көрмесі, «Тек қана қазақша сөйлейміз!»  акциясы  мен «Тіл – достықтың мерейі» атты  әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды.

Мектепте оқушылар арасында тіл мәртебесі, яғни қазақ тілі Қазақстан елінің мемлекеттік тілінің  қаншалықты дәрежеге көтерілгені жөнінде әңгімелер жүйелі түрде жүргізіліп тұрады.

Айта кетерлігі, аралас тілде білім беретін білім ордасы 2012-2013 оқу жылдары  облыстық «Ең үздік білім беру ұйымы» сайысының жеңімпазы атанған. Сондай-ақ,   қала мектептері рейтінгінде 1 орын алып, әкім грантымен марапатталған.

pavlodarnews.kz

Тэги: