Тек республиканың батысы мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің хабарлауынша, республиканың солтүстігі мен шығысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады. Күндіз Алматы облысы Алакөл көлі маңында жел 17-22 м/с күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


pavlodarnews.kz

Тэги: