Бұл туралы Павлодарда ПМПУ-нің негізінде өтіп жатқан «Археологиялық және этнографиялық зерттеулердің интеграциясы» халықаралық симпозиумда белгілі болды.

Қазақстан мен Ресей ғалымдарының назарына XVIII ғасырда өмір сүрген Сұлтанбеттің қалпына келтірілген ордасы мен өңіріміздің тарихи қайраткері болашақ ескерткішінің мүсіні көрсетілді.

- Бұл ескерткіштің соңғы жобасы емес, - деп түсіндірді сұлтан мүсінін әзірлеудің бастамашыларының бірі Аманжол Қамзин. – Жобаны белгілі қазақстандық мүсінші Қазанғапов даярлады. Біз Сұлтанбет есімі елге таралсын дейміз. Болашақ ескерткіштің биіктігі төрт метр, тұғыры үш метр болады деп жоспарлануда. Жалпы биіктігі шамамен жеті метрді құрайды.

Ескерткіш сұлтан ұрпақтарының қаржысына салынады.

- Сұлтанбек ірі саяси қайраткер, Ертіс өңірінің сұлтаны болған. Сондықтан оның ескерткіші қаланың орталығында, мысалы, Сәтбаев көшесінде тұрғызылса дейміз, - деп ниетін білдірді Аманжол Қамзин.
Еске сала кетейік, қор мәліметі бойынша Павлодар облысында сұлтанның шамамен бір мыңдай ұрпағы тұрып жатыр.


2016 жылы облыс әкімінің шешімімен павлодарлық археологтарға Астана көшесі, 151 мекенжайы бойынша тарихи ғимарат берілді. Сұлтанбет ұрпақтары мұрағатта қалған сызбалар бойынша Кенжекөл маңындағы сұлтан ордасын қалпына келтіруді ұйғарған.

Былтыр XVIII ғасырдың белгілі қайраткерінің ордасы салынып, ПМПУ Margulan Сentre сыйға тартылды.

Қалпына келтірілген сұлтан ордасы университеттің зерттеу кешенінің бір бөлігіне айналды. Онда археологиялық реконструкция, құрылыс-эксперименталдық археология, қашықтықтан зондтау «Археотур», «Киелі география», «Рухани жаңғыру» секілді Margulan Сentre зерттеу зертханасы орналасқан.

Арслан Ғалымбек

Фото: Светлана Воронова

pavlodarnews.kz

Тэги: Сұлтанбет сұлтан, ПМПУ, тарих

Похожие материалы: