Ашылу шарасына қала әкімі Николай Дычко, ауыр атлетиканы дамыту және жұртшылыққа таныту жөніндегі Павлодар облыстық федерциясының вице-президенті Станислав Головин қатысты.

Ақсудағы №2 БЖСМ-не қарайтын залдың ашылуына орай ауыр атлетика бапкері Виталий Аухадиев пен бокс жаттықтырушысы Алтынбек Ахметжанов сабақ кестесіне сай ашық жаттығу өткізді.

№ 2 БЖСМ-нің директоры Шыңғыс Семейовтың айтуынша, биылғы жылы мектепте спорт секцияларының қатары артқан.

- Қазір сарайда спорттың 12 түрінен үйірмелер жүргізіледі, - деді Шыңғыс Семейов. – 1600-ге жуық бала жаттығады. Бұған дейін мектептердің жер төлелерінде жаттығып келген балалар енді арнайы залдарда қабілеттерін шыңдайтын болады. Залдар спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

Биылғы жылдың қараша айында Ақсу қаласында бокстан ҚР Чемпионаты өтеді. Аталмыш додаға ақсулық спортшылар қызу дайындық үстінде.

Айта кетейік, алдағы сенбіде Ақсу өңірі Иманжүсіп Құтпанұлының 155 жылдығын атап өтпек.

 

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: спорт, қоғам, Ақсу