«Астана – бейбітшілік бесігі» тақырыбындағы диктантқа қала бойынша 7884 оқушы қатысуда. Аталған іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өткізілуде.

№41 мектеп директоры Анар Сұлтанбекованың айтуынша, мектеп ішінен бұл диктантқа 7-11 сынып оқушылары жалпы саны 370 адам қатысуда.

- Диктанттың мақсаты – жастар арасында мемлекеттік тілді игеру, тілдің мәртебесін көтеру, - дейді Анар Сұлтанбекова. – Қорытындыларын қазақ тілі мұғалімдерінен құрылған арнайы комиссия шығарып, үздік жұмыстар марапаттарға ие болады. Сонымен бірге, біздің мектеп жыл сайын түрлі өзге ұлттарды қазақша сөйлететін «Мың бала» конкурсына қатысады.

№ 41 мектептің 11 сынып оқушысы, пәнаралық олимпиадалардың жүлдегері Дария Шушпанова мұндай кең көлемді сынға алғаш рет қатысып отырғанын айтады.

– Қазақ тілінен «беске» оқимын. Сонымен бірге ағылшын тілін де меңгергенмін. Болашақта дипломат болсам деп армандаймын.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: қазақ тілі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, №41 мектеп, жалпықазақстандық диктант