Бұл туралы ҚазАқпарат boxingscene-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«12-раундта Головкиннің оң қабағы жарылды. Сол себепті оның 2018 жылғы жоспары аяқталды, ол демалуы керек. Біз келесі жылы көктемде, болмаса мамыр айында рингке қайта оралуды жоспарлап отырмыз», - деді Леффер.

Сондай-ақ, Том Леффер қазақстандықтың келесі жылы кіммен жұдырықтасуы мұмкін екенін айта кетті.

«Флойд Мейвезер рингке қайта оралатын сияқты. Біз «Мейвезер-Пакьяо» кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасуымыз мүмкін», - деді менеджер.

Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтті. Қортындысында, отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, чемпиондық белдіктерінен айырылды.

pavlodarnews.kz

Тэги: