Бұл туралы агенттікке Павлодар трамвай басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

- №7 және №3 трамвайлардың Тәуелсіздік даңғылы бойымен «Жаяу Мұса» және «Ладожская» аялдамасы аралығындағы қозғалысы 21 қыркүйекте сағат 22:00-ден бастап, 23 қыркүйек сағат 6:00-ге дейін тоқтатылатын болады, - деді баспасөз қызметінде.

Трамвай басқармасының хабарлауынша, №3 бағыттағы вагондар аталған мерзімде «Тәуелсіздік» даңғылымен жүріп, Ломов көшесі арқылы «Ворушин» станциясына дейін қатынайды.

pavlodarnews.kz

Тэги: