Нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін бұзып, айыппұл төлемей жүрген қызметшілер анықталған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жол қозғалысы ережелерін бұзушылар көп. Күнделікті іс болған соң бұзушылық болады. Оның үстіне Астанада камера көп, бәрін жазып алып отыр. Бірақ айыппұлды ұзақ уақыт төлемей жүрген қызметкерлер бар. Мысалы, бас маман Жүсіпов соңғы жылдары 10 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Оның ішінде әлі күнге дейін 7 әкімшілік іс бойынша айыппұлды төлемеген. Қателеспесем, орталық аппаратта, Экологиялық бақылау комитетінде жұмыс істейді. Бұдан бөлек осы комитеттегі жетекші маман Шалқарбаев 4 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Оның үшеуін ұзақ уақыт бойы төлеуден қашып жүр», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов.

Ол агенттіктің мұндай жұмысты Бас прокуратурамен бірлесе барлық мемлекеттік органда атқарып жатқанын атап өтті.

pavlodarnews.kz

Тэги: