Шарбақты ауданындағы жұмыс сапары кезінде Павлодар облысының әкімі Орловка ауылындағы дуалды білім беру орталығында болды. Оның ашылуына жергілікті «Орловка» ЖШС бастамашы болған. Кәсіпорын студенттерді шаруа қожалықтарына ауыл шаруашылығы саласында тәжірибе алуға шақырады. Бұған қоса, жастарға оқу сыныптары мен шаруа қожалығы базасында баспана ұсынылады.

- Біз үнемі жастармен жұмыс істейміз, - - дейді «Победа» ЖШС-нің басшысы Александр Поляков. – Себебі, олар біздің болашақ жұмысшыларымыз. Егін жинау науқанына және басқа да жұмыстарға 28 студент жұмылдырылған. Оның ішінде Шарбақты колледжінің студенттері де бар.

Студенттер мен колледж оқушыларынан басқа, егіс алқаптарында жұмыс істеуге аграршылардың алқаптарына ауылдағы жоғары сынып оқушыларын да тартады. Орловкада ересектермен қатар жұмыс істейтін алты оқушыға еңбекақы төленеді.

- Маған егін алқаптарында жұмыс істеуді әкем үйретті. Сондықтан «Победа» ЖШС-не келгенде біраз тәжірибем болды. Жұмыс күнім сағат 11-де басталып кешкі бесте аяқталады. Осындай еңбектің арқасында нанды қалай өсіруге болатынын білемін, - дейді 11-сынып оқушысы Александр Шиль.

Аудан орталығы – Шарбақты ауылында облыс әкімі аудан жастарымен кездесті. Жергілікті коворкинг орталығында жастар өздерін толғандырған мәслелер туралы айтып берді. Олар аймақ басшысынан көтермеақыны тек ұстаздар мен дәрігерлерге ғана емес, қаладан ауылға жұмыс істеуге баратын жас мемлекеттік қызметшілерге де ұсынуды қарастыру туралы өтінді. Әкім бұл мәселені қарастыруға уәде берді.

Томирис Бекжан
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Шарбақты, студенттер, ауыл шаруашылығы