Павлодар қаласы бойынша пробация қызметінің инспекторы,  Әділет лейтенанты Ермек Әлімқановтың айтуынша, мұндағы басты мақсат – істі болғандарды әлеуметтік оңалту және қоғамға бейімдеу.

-  Республика бойынша 10-21 қыркүйек аралығында есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты жері тексерілді, - дейді Ермек Әлімқанов. - Заң бойынша шартты түрде бас бостандығынан айырылғандарды пробация қызметінің мамандары мен жергілікті полиция қызметінің мамандары бақылайды. Сондықтан жаза басқан азаматтармен жұмысты пробация өкілдері тәртіп сақшыларымен бірге жүргізеді. Әсіресе, мамандар бірнеше рет сотталған, қайта қылмыс жасауға бейім сотталушыларды ерекше бақылауға алады.

Статистикалық деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда қалалық пробация қызметінде есепте тұрғандардың саны 737 адамды құрайды. Өткен жылы олардың саны 650 адам болған.

Шара барысында қызметкерлер сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша тексеріп қана қоймай, құқық бұзушылыққа және қайта қылмыс жасамауға бағыттау мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізді. Мұндай тексеру жылына төрт рет жүзеге асырылады.

Ақбота Сейсенбаева




pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, қоғам