Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Арада үш апта өткенде өскемендік «АЗИЯ АВТО» зауыты жаңа модельді ұсынуға дайын екенін жеткізді. Су жаңа көліктің алғашқы топтамасы қарашаның аяғына дейін «Бипек АВТО»-ның 19 филиалына жеткізіледі.

Жаңа LADA Granta 1,6 литрлі қозғалтқышқа ие. Өндірушілер көліктің 5 сатылы механикалық және 4 сатылы автоматты қозғалтқышты моделін қатар ұсына алады. Таңдау сатып алушының еркінде. Бұл ретте алдын ала тапсырыс беру шарты қабылданатынын айта кетейік. Сондай-ақ жаңа автокөлік жанармайға да үнемді көрінеді. 100 шақырымға – 6,5 литр.

«АЗИЯ АВТО» АҚ президенті Ерік Сағымбаевтың айтуынша, жаңа LADA Granta Қазақстан нарығындағы қолжетімді бағасын сақтап қалады. 2 945 000 теңгеден басталады. Ал әмбебап Granta SW – 3 950 000 теңгеге ұсынылады.

pavlodarnews.kz

Тэги: