Куәгерлер оқиға орнынан суретті Instagram әлеуметтік желісіндегі @kolesa_pavlodara парақшасында жариялаған.

 Бұл жағдайға қатысты агенттік облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне  сауал хат жолдаған болатын.

- Жол көлік оқиғасы кеше сағат 21.45-те орын алған.   «Волга»  және мотоцикл соқтығысып қалған. Нәтижесінде 33 жастағы мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде, - дейді департаментте.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, зардап шеккен азамат № 1 қалалық аурухананың травматология бөлімшесіне жатқызылған.

-  Жедел жәрдем хабарлама түскеннен кейін бір минуттың ішінде жетті. Ер адамға бас сүйек-ми зақымы, қаңқасының сынуы және омыртқа бөлігінде мойын тұсының жарақаттануы диагнозы қойылған. Жағдайы тұрақты, - дейді баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.


 



pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, оқиға