Бұл туралы корпоративтік коммуникациялар департаменті мәлім етті.

Қатысушылар жүгірісті бір күні әрі бір сәтте қатар бастады.  Өткен жексенбі күні ұйымдастырылған спорттық мерекеге жалпы саны 3 мыңнан астам адам қатысты. Оған тек ERG кәсіпорындарының қызметкерлері, шара өтетін қалалардың тұрғындары мен кез келген қонағы тегін тіркеліп, қатысу мүмкіндігіне ие болды.

 – Еуразиялық Топ спортты белсенді дамыту жолында тек өз қызметкерлері арасында ғана емес,  өзінің туған қалаларының тұрғындары арасында да  саламатты өмір салтын кеңінен насихаттап келеді, – деді Еуразиялық Топ басқарма төрағасы Серік Шахажанов. – Біз  дамуға ұмтылған адамдарды ұдайы қолдаймыз. Біз ERG-дің кез келген қызметкері мен Топ кәсіпорындары орналасқан қалалардың кез келген тұрғынына спортты қолжетімді етуді мақсат еттік. Осылайша бұл жүгіру фестивалін Топтың елдегі бұқаралық спортты дамытуға бағытталған алғашқы қадамдарының бірі деуге болады.

Жүгіру фестивалі үш қалада бір мезетте басталды. Ұйымдастырушылар 3, 5 және 10 км қашықтықтардан бөлек, балалар жарысын да өткізді.

Ақсудағы «ERG Run Fest» жүгіріс жолы қаланың орталық көшелерін қиып өтті. Сол себепті Ақсу, Павлодар мен Екібастұз, тіпті Қарағанды қаласынан келген әр қатысушыны қала тұрғындары жол бойы қолдап, дем беріп отырды. Аты аңызға айналған спортшы, әлемдегі барлық шөлдерді жаяу жүгіріп өткен жалғыз адам – Марат Жыланбаев фестивальдің құрметті қонағы болды.

 – Бүгін мен ауқымды спорт мерекесіне қатысқаныма қуаныштымын, – деді Ақсудағы фестивальге қатысу үшін Қарағандыдан арнайы келген Александр Закаленков. Дайындықты ерте бастап, әбден ширағандықтан өз нәтижеме көңілім толды.

 ERG-дің спорт пен СӨС орталығының жетекшісі Олжас Оразбаевтың айтуынша, жүгіріс фестиваліне қатысқан әрбір азамат діттеген мақсатына жетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Тура сол күні Ресейдің басты жүрігіс шарасы – Мәскеу марафонында Eurasian Resources GroupS&OP жетекшісі Константин Праведников 42,2 км қашықтықты жүгіріп өтті. Аталған ауқымды шарада жарыс жолына жалпы саны 30 мың адам шыққан.

ERG Run Fest-ке қатысушылар алған әсер мен толымды ақпаратты келесі хэштег арқылы таба аласыздар: #ERGRunFest.

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, қоғам, спорт