Бұл туралы куәгерлер Instagram-дағы @tipavlo парақшасында жазды.

Облыстық ІІД мәлімдеуінше, бүгін сағат 15:00 шамасында Майра көшесі 49 үй мекен-жайында 10-қабаттан құлаған 32 жастағы ер адамның денесі табылған.

- Жедел жәрдем оқиға орынына келіп биологиялық өлімді анықтаған. Ер адам өте ауыр жарақат алған, - деді облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Куәгерлердің айтуынша, көз жұмған адам шатырдан балкон арқылы үйіне кірмек болған.

Дулат Райымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: