Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сағат 14.50-де екі бөлмелі пәтерде жиһаздар мен үйдегі заттар  жанған.  Тілсіз жау жарты сағаттың ішінде  толығымен сөндірілді.   Қызыл жалын төрт шаршы метрді  шарпыған, - дейді департаментте.

Оқиға орнына   жеке құрамнан  екі техника жұмылдырылып,  алты адам жұмыс істеді.  Ысты газдан уланып қалған  1958 жылғы ер адам  ауруханаға жеткізілді.

- Ауыр дәрежеде ысты газбен уланған 50  жастағы  тұрғын қалалық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Ер адам алкогольдік ішімдік тұтынған, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, өрт