- Биылғы жылдың Жолдауы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері мен қазақстандықтардың әл-ауқатын әрі қарай арттыру бойынша міндеттерге арналған, - дейді Алтынбек Нұхұлы. - Бұл нақты тәжірибелік істердің бағдарламасы, сөз жоқ, барлық қазақстандықтарға, соның ішінде бірінші кезекте, бізге, зиялы қауымның алдыңғы шебінде тұрған педагогтарға қатысты.  Ұлт Көшбасшысының бүгінгі Жолдауы барлық педагогикалық қоғамды толқытты.

Ректор  еліміздің тарихында алғашқы рет қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заң  әрбір педагогтың әл-ауқатына тікелей қатысы бар нағыз тарихи оқиға екенін айтады.

-  Бүгінгі білім беру жүйесіндегі барлық техникалық жаңалықтар жағдайында мұғалім тұлғасы білім беру үрдісінің негізгі түйіні болып табылады, - дейді ол. - Бұл зор жауапкершілік жүктейді, себебі білім берудің уақыт талабы мен заманауи экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін деңгейін қамтамасыз етуі тиіс тұлға – мұғалім.  Біздің Президентіміз білім берудің жаңа сапасына баса назар аударды. Біздер, педагогтар қауымы, Президент саясатын қолдаймыз. Біздің білім беру жүйеміз әлемдік стандарттарға сәйкес келіп, нақты жетістіктерге жететін әрі Қазақстанды жаңа деңгейге шығаратын заманауи ұрпақ тәрбиелеуі үшін түбегейлі өзгеру керек. Қазіргі жағдайда білім беру жүйесі, соның ішінде жоғары білім бұрынғы үлгіде жұмыс істемеуі тиіс.

Алтынбек Нұхұлының айтуынша, жаңа Жолдауда Ұлт көшбасшысы білім беру жүйесінің жақын арадағы мақсаттарын нақты көрсетіп, мұғалімдерге білім беру қызметтерін ұсынуда одан да жоғары көрсеткіштерге жету үшін бағдар берді.

Елбасы Жолдауы жаһандық сын-тегеуріндерді еңсерудің жаңа жолдары мен мүмкіндіктерін анықтайды. Белгіленген міндеттерге қол жеткізуде бар күшті шоғырландыру халықтың өмір сүру деңгейін бірнеше есе арттырып, мемлекетті жаңа даму жолына шығара алады. Президенттің жетекшілігімен еліміздің алдағы жылдарға арналған барлық басым даму міндеттері табысты іске асатындығына еш күмән  жоқ.

- Біз бәріміз де Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының куәгерлері болып табыламыз. Жиырма бес жылдан аса уақытта Қазақстан нағыз егемендікке қол жеткізіп, мемлекеттің нығаюы мен гүлденуіне бағытталған беталыстан бұрылмай, нық қадам басып келеді. Мемлекет саясатының басты бағыты әрдайым еліміздің болашағы – жастарды қолдау болып келді: олардың білім, баспана алу, жұмысқа тұру жағдайлары ұдайы назарда. Бұл өзгерістер туралы Президент бірнеше рет айтты, енді бұл сөздер әрі қарай тәжірибе жүзінде іске асуда, - дейді ректор.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, Жолдау