Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚР ІІІМ баспасөз қызметінен хабарланғандай, учаскелік полиция инспекторларының халықпен жұмысын жақсарту мақсатында 5 қыркүйектен бастап еліміздің аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтізілуде.

«Учаске» операциясы барысында 1 миллионнан астам тұрғын үй мен саяжай тексерілді. Аталған шара барысында 89 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 8 мыңнан астамы тіркеусіз тұру фактісі, 9,7 мыңнан астамы шетел азаматтарының көші-қон заңнамасыз бұзу. Бүгінде көші қон заңнамасын бұзған үш жүзге жуық шетелдік сот шешімі бойынша елден шығарылды», - делінгент ведомствоның хабарламасында.

Жалпы, іс-шара шеңберінде учаскелік полиция инспекторлары пәтерлер мен аулаларды аралап, көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтап, азаматтық қаруды сақтау жағдайлары мен ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды тексерді.

Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсететін аумақта орналасқан өндіріс объектілерін, ұйымдар мен мекемелерді тексерді. Көлікжай мен саяжайларды, бос қалған ғимараттар мен құрылыс аумақтарын, жылу трассалары мен құдықтар және т.б. тексеру жүргізілді.

pavlodarnews.kz

Тэги: