Биылғы жылы жолды ретке келтіруге бюджеттен 10 миллион теңге бөлініп, конкурсты «Мираторг ПВ» ЖШС 7,7 миллион теңгеге ұтып алған. Жөндеу жұмыстары 31 шілдеде аяқталғанымен, жолдың 300 метрі тиісті стандарттарға сай келмейтіні белгілі болған. Бұл жағдай туралы кент әкімдігі мердігерді хабардар еткен.

Ленин кентінің әкімі Дәулет Тайгулиннің айтуынша, арнайы тексеру нәтижесінде асфальт жамылғысындағы қиыршық тас қабатының қалыңдығы жеткіліксіз екені анықталды.


- Мердігерге ескерткеннен кейін бір ай өткен соң соттың көмегіне жүгінуге мәжбүр болдық, - дейді Дәулет Тайгулин. – Сот отырысына дейін мердігер ұйымының өкілдерін әңгімеге шақырып, кеткен олқылықты түзету қажеттілігін тағы бір мәрте айттық. Мердігер өзі жіберген олқылықтарды түзетуге уәде берді. Өткен жұма күні барлық кемшіліктердің орнын толтырды.

Дәулет Тайгулин мердігер жұмыстарды соңына дейін жеткізсе де сот отырысы жүзеге асатынын айтты. Алайда сотта екі тарап бітімгершілікке келеді.

Бүгінде кент тұрғындары көшенің қалпына келтірілгеніне дән риза.

– Мәметов көшесінде тұрғаныма 50 жыл, - дейді көше тұрғыны Екатерина Рыбак. – Бәріміз мердігердің қайтсе де жұмысын соңына дейін жеткізгеніне қуандық. Әкімдікке рахмет. Көшеміздегі өмір жандана түскендей.

Айта кетерлігі, мұндағы жолдардың жалпы ұзындығы 66 шақырымды құрайды. Оның ішінде 44 көше немесе 47 шақырымдық жол асфальт төсеуді қажет етуде. Келесі жылы кенттегі Нәдіров, Ворошилов және Добролюбов көшелерінде асфальт жамылғысы төселетін болады.

Айбек Жұматов

Фото: Әлібек Дженалинов

pavlodarnews.kz

Тэги: Ленин кенті, жол жөндеу, асфальт, Дәулет Тайгулин

Похожие материалы: