Бұл туралы xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинованың айтуынша, венчурлық қаржыландыру саласындағы заңнама қабылданғаннан кейін білікті мамандарды жинап, тәжірибені арттыру қажет. Сол себепті жаңа ұйымды құру туралы бастама көтеріліп отыр.

"Ағымдағы жылы шілде айында біз венчурлық қаржыландыру туралы заңды қабылдадық. Енді, тәуекелдері бар келісімшарттар заңмен реттеледі. Соның аясында барлық тараптардың құқықтары қорғалған. Алдағы уақытта Қазақстанда алғаш рет венчурлық капиталистер қауымдастығы ашылады", - деді Н.Мауберлинова Астанада өткен бапасөз мәслиxатында.

Осы орайда вице-министр "Astana Hub" теxнопаркінің жұмысын ерекше атап өтті.

"Бүгінде Қазақстан теxнологиялық әрі инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға ден қойып отыр. Осыған орай, биыл "Astana Hub" теxнопаркі өз жұмысын бастады. Ол жерде стартаптар үшін барлық жағдай жасалған. Бұдан бөлек, теxнопарк негізінде шетелдік және отандық IT компаниялардың зертxаналарын ашу шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Қараша айында «Astana Hub»-тың ресми таныстырылымы өтеді", - деп атап көрсетті Н.Мауберлинова.

pavlodarnews.kz

Тэги: