Өз сөзінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко Мемлекет басшысы Жолдауының басым бағыттарын қысқаша шолып өтті.

- Елбасы Жолдауы еліміздегі мемлекеттік бағыттың негізгі құндылығы адамның дамуы болып қала беретінін дәлелдеп көрсетті, - деп атады Илья Теренченко. – Жолдаудың әлеуметтік сипатқа ие екендігі айқын. Осы құжатта қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Қазақстан журналистер одағының мүшесі Ақмарал Сағынбекованың пікірінше, Жолдау еліміздің дамуы үшін зор мүмкіндіктер ашады.

- Президент мәлімдеген өңдеуші секторға ден қою экономикамыздың әрі қарай дамуын қамтамасыз етіп, қазақстандықтарды халық тұтынатын тауарлармен қамсыздандырады, - дейді Ақмарал Сағынбекова. Кез келген тауарларды шығаруға қажет барлық ресурстарымыз бар. Өндірістің өңдеуші секторының дамуы шағын және орта бизнеске жаңа мүмкіндік сыйлап, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.


Облыстың кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мәди Сыздықов бизнес жүргізуге қажет жағдайды әрі қарай жақсартудың маңыздылығын атап өтті.

- Жолдауда сөз болған тағы бір маңызды мәселе бұл кәсіпкерлікті дамытудағы кедергісіз орта, - дейді Мәди Сыздықов. – Жылдың басынан бастап «Атамекенге» бизнесмендерден екі мыңға жуық шағым түскен. Олардың 16 пайызы жер қатынастарына қатысты. Осы салада  ашықтықты қамтамасыз ету қажет.

Отырысқа қатысушылар Жолдауды жүзеге асыру тұрғындардың өмір сүру сапасы мен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасайды деген пікірге қосылды. Жиын соңында соған сәйкес Демократиялық күштердің аймақтық коалициясының үндеуі қабылданды.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Жолдау, Илья Теренченко, өңдеуші сектор, кәсіпкерлік