Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев айтты.

- 2018 жылы тоғыз айдың ішінде 8797 екіқабат әйел тіркелген, - дейді Ораз Мұқашев. - Оның ішінде 7362 ана немесе 84%-ы 12 аптаға дейін келген. Жүктіліктің 12 аптасына дейін тіркелген 264 әйелге 5 888 496 теңге біржолғы жәрдемақы төленді. Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында мұндай жәрдемақы төлеу тұрақты тұрғылықты жері бар және ай сайынғы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын әйелдерге беріледі. Павлодар қаласында және Екібастұзда, Ақсу қаласында 5 АЕК мөлшерінде ынталандыру мөлшері 10 АЕК болса, аймақтарда 5 - 16,5 АЕК көлемінде. Мәселен, 5 АЕК - Ақтоғай, Баянауыл, Успен, 9 АЕК - Ертіс, 10 АЕК - Тереңкөл, Лебяжі, Май, Павлодар, Шарбақты аудандарында және Железинде 16,5 АЕК ұсынылады.

Басқарма басшысының айтуынша, 2018 жылғы тоғыз айдың ішінде облыста ана өлімі тіркелмеген. 2017 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 100 мың туған сәбиге шаққанда 22,0 болған. Сондай-ақ ауыр жағдайдағы әйелдердің саны 38% -ға, нәресте өлімі 24%-ға төмендеген.

Вирустық пневмонияға байланысты аналар өлімінің алдын алу үшін 2018 жылдың 1 қазанынан бастап жүкті әйелдерді ЖРВИ мен тұмауға қарсы егу басталған. Жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі (100%) 3800 жүкті әйелді вакциналау жоспарланып отыр.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: