Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ТЖД басшысының орынбасары Самат Асаинов мәлім етті.

- Ақсу және Екібастұз қалаларындағы әлеуметтік нысандарға жылу 13 және 14 қыркүйекте беріле бастады, - деді Самат Асаинов. – Ал Павлодар қаласында жылу маусымы 17 қыркүйекте басталды. Бүгінгі таңда 645 білім беру, 337 денсаулық сақтау және 336 мәдениет нысаны жылумен қамтылды. Энергия көздерінде күзгі-қысқы кезеңді кедергісіз бастау үшін тиісті жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда 12 энергоблок, 16 қазандық пен 13 турбина жұмыс істеп тұр.

Осы жылдың 8 қазанындағы жағдай бойынша электр желілерінің 2130,5 шақырымы немесе жылдық жоспардың 100%-ы жөнделді. Жылумен қамту желілеріндегі гидравликалық және температуралық сынақтар уақытында өткізілді. Бүгінгі күні желілердің 30,5 шақырымы немесе кезең жоспарының 100%-ы күрделі жөндеуден өткізілді және қайта жөнделді (жылдық жоспардың 83%-ы).

Сумен қамту және су беру желілерінің 18,3 шақырымы немесе кезең жоспарының 100%-ы орындалды (жылдық жоспардың 58,3%-ы). Жұмыстар кестеге сай жүзеге асырылуда. Әлеуметтік нысандардың қазандықтарының дайындығы уақытында жүргізілді. 333 қазандықтың 21-і күрделі жөндеуден өтсе, жеті қазандық қайта жөнделді.

Спикердің айтуынша, әлеуметтік сала нысандарының жылыту маусымындағы қатты отынға деген сұранысы 141,8 мың тоннаны құрайды.

- Бүгінгі таңда тұтыну орындарына 122,7 мың тонна немесе 86,5%-ы тасымалданды, - деді Самат Асаинов. – Облыс тұрғындарын қатты отынмен қамту мақсатында қала-аудандарда көмірді дайындау-үлестіру орындары бар. Көмір тасымалымен 300 жеке кәсіпкер айналысуда. Павлодар қаласы мен Шарбақты ауданында көмір тасымалы темір жол арқылы жеткізіледі.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ және ашық дерек көздері

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жылыту маусымы, қоғам