Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Бір аптадан соң келіссөздер жүргізуге (Қырғызстанға) барамыз. Оларға хабарлама жолдадық: бір аптадан соң деп айтты... Қараша айынан бастаймыз деп жоспарлап отырмыз", - деді министр.

Еске сала кетейік, қазан айының басында Қазақстанға бензин экспорттауға мүмкіндік беретін құжатқа қол қойылған болатын. Бұл құжатқа ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Ресей энергетика министрі Александр Новак қол қойған еді. Министрлер хаттамаға екі елдің үкіметінің мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу мәселесі бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгертулер енгізіп, хаттамаға қол қойып бекітті.

pavlodarnews.kz

Тэги: