- Жыл басынан бері 689 елді мекендегі шахта құдықтарындағы судың сапасы зерттелді, - дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина. - Нәтижесінде 66 пайызында бактериология бойынша көрсеткіштің жоғары екені байқалады. Көбінесе санитарлық-химиялық көрсеткіш жағынан, яғни судың кермектігі бар. Мысалы, Ақтоғай және Павлодар аудандарында судан марганец анықталған. Сондықтан әрі қарай жұмыс істеу үшін барлық көрсеткіштерді жинақтап, жер қойнауын пайдалану басқармасы мен экономика бақсармасына, әкімдіктерге тапсырдық. 

Санитарлық бас дәрігердің сөзінше, 369 елді мекеннің ішінде 85-і техникалық су ішіп отыр. Яғни, бұл елді мекендерде баламалы су көзі жоқ.

Облыс әкімі Болат Бақауов аталған ауылдық аймақтар бойынша денсаулық сақтау басқармасы мен қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне салдарынан қандай аурулар болуы мүмкін екенін анықтауды тапсырды.

- Тоғыз немесе 20 метр жерді қазып, су шықты деп мәз болып жатады, - деді облыс әкімі. - Ал судың құрамы мен сапасы қандай? Соған көңіл аудару керек.

Ирина Сорокина несеп-тас ауруларына шалдығуға судың санитарлық-химиялық құрамы әсер ететінін атап өтті. Сондықтан алдын алу мақсатында қауіп-қатер картасы әзірленіп, қалалар мен аудандарға таратылған. Нәтижесі орталық ауруханалармен бірге мәліметтер базасына енгізіліп, жылдың соңында қауіпті пунктіге жататын елді мекендер анықталады.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, ауыз су, шахта құдықтары